"ШАПАҒАТ" медицина орталығы
Біз туралы
"Шапағат" медицина орталығы 1940 жылы соғысқа дейінгі уақытта Қандыағаш қаласында темір жол ауруханасы ретінде құрылған. Бүгінгі күні «Шапағат» заманауи клиника болып табылады, онда ондаған жылдар бойы тексерілген ауруларды диагностикалау мен емдеудің әдістері және қазіргі заманғы медицинаның жаңалықтары үйлесім тауып келеді.
Орталықта барлық маманданған дәрігерлер қабылдау жүргізеді: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, гинеколог, хирург.
Біздің дәрігерлер үнемі біліктілікті арттырудың бейінді курстарына қатысып отырады.
Клиника тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында тіркелген тұрғындармен жұмыс істейді, сондай-ақ ақылы бөлімше бар.
Мекемені тіркеу күні: 22.04.2003 ж.
2003 жылдан бастап аурухана ДДСҰ «Health Promoting Hospitalis» (HPH), «Денсаулықты жақсартуға жағдай жасайтын аурухана», «Салауатты өмір салты ауруханасы» жобасымен жұмыс істейді.
2011 жылы аурухана Халықаралық Сократ комитеті Еуропалық Бизнес Ассамблеясының (Е.В.А.) "EUROPEAN Quality AWARD" («Еуропалық қызмет сапасы») халықаралық марапатына және 2014 жылы аурухана ұжымы халықаралық SIQS Швейцариялық сапа сертификатына ие болды.
2017 жылы аурухана жаңартылған халықаралық стандарттар бойынша аккредиттеуден өтті.
Емделушілерге ыңғайлы болу үшін біз сенбі күндері жұмыс істейміз!